Жамбылдық спортшылар жүлдемен оралды

0 3

Өскемен қаласында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, жамбылдық спортшылар жүлделі орынмен қайтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ағымдағы жылдың 20-26 қаңтар аралығында өткен жасөспірімдер чемпионатына республиканың 14 облысынан 176 спортшы бақ сынасты.

Ал Жамбыл облысынан 14 спортшы қатысып, жарыс нәтижесі бойынша І орынды Ильгар Салахов, Сұлтан Бабаханов, Болашақ Мейрам иеленді. Сондай-ақ, ІІ орын Ернұр Сүйінбай, Айдаулет Самақ, Альмири Анарбековке бұйырса, ІІІ орынды Бекзат Прәлі, Ислам Махашев, Азамат Асылбекұлы алды.

Сонымен қатар, чемпионаттың ең үздік боксшысы – Бабаханов Сұлтан, ең үздік бапкер — Ержан Жарқынбеков атанды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.