Жамбыл облысында 37 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған

0 0

Жамбыл облысында 37 заңды тұлға және 12 жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2 млн. 609 мың 425 теңге құрайтын айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Талғат Байзақов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Талғат Тоқсанәділұлының сөзінше, 2018 жылы Департаменттің инспекторлық құрамымен 64 ерекше тәртіп бойынша, 35  жоспардан тыс және 32 профилактикалық бақылау мен қадағалау түрінде тексерулер жүргізілді. Аталған тексерулер барысында 706 қауіпті өндірістік объектінің жұмысы зерделеніп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 658 норма және ереже талаптарының бұзылғандығы анықталды.

Сондай-ақ, өткен жылы Департамент мамандарымен 1203 хат дайындалып жауап берілді. Соның ішінде, Комитетке 435 хат жіберілді. Жеке және заңды тұлғалардың сұраныстары бойынша 165 хат қаралып жіберілді.

Айта кетейік, 2018 жылы Департамент қауіпті өндірістік объектілерде апаттар мен инциденттердің болу мүмкіндігін  азайту бағытында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қадағалаупрофилактикалық жұмыстарын жүргізген болатын. Есепті кезеңде қадағалау жұмысын штат бойынша 14 мемлекеттік инспектор, нақты саны  11 адам құрайтын мемлекеттік инспекторлық құраммен жүргізді. Департаменттің  қадағалауында 269 кәсіпорын бар, оның ішінде 95  тәуекел дәрежесі жоғары субъектілер, 174 тәуекел дәрежесі жоғары субъектілерге жатпайтындар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.