Қаржы министрлігі: мемлекеттік қызметтің 95% электронды түрде көрсетіледі

0 0

2025 жылы еліміздің Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік қызметтің 95 пайызы электронды түрде көрсетіледі.

Яғни алдағы уақытта салық және кедендік алымдарды үйден шықпай-ақ төлеп, құжаттарын электронды жүйеде рәсімдеу қолжетімді болмақ. Бұл бағытта бүгіннің өзінде қыруар шаруа атқарылған. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ведомство басшысы Әлихан Смайылов баяндады. Оның айтуынша, жыл соңына дейін салықты төлеуді оңтайландыру мақсатында бірыңғай әлектрондық әмиян жүйесі қосылады. Яғни салық төлеушілер берешегін бір реквизитке төлейді. Ол автоматты түрде жеке тұлғаның барлық салықтарына бөлінеді. Бұдан басқа жиында бюджеттік, банктік, салық, кеден саңнамаларына өзгерістер енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізу қажет болатыны туралы айтылды.

Серік Құсайынов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

— Бүгінгі таңда 44 мемлекеттік тапсырыстың 30-ы автоматтандырылған. 2018 жылы 22 миллион қызмет салық саласында 20 миллионы электронды форматта көрсетілген. Министрліктің көрсетіп отырғаны – бұл салық декларациясын оңтайландыру.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.