Облыста 6286 бала инклюзивті білім алуда

0 5

Бүгінде Жамбыл облысында 6286 бала жалпы білім беру ұйымдары мен балабақшаларда инклюзивті білім алуда. Яғни, аймақтағы мүмкіндігі шектеулі барлық баланың 80% осы бағытта оқу және тәрбиемен қамтамасыз етілген. Бұл туралы ӨКҚ  алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Облыс бойынша 308 мектепте (69,1%) ерекше балалардың емін-еркін жүріп тұруына (пандустар, сүйенетін жақтаулар, кең есіктер, тактильді жолдар, демалыс бұрыштары) барынша қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім мекемелерінің 33,2% ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың тәрбиеленуіне жағдай жасалған. 

Айта кетейік, елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне айрықша мән берілген. Осы орайда Жамбыл облысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеу бағытында нақты жұмыстар жасалуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.