Орташа салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бұрынғы менеджерлерін сотқа беріп, 3,5 миллион доллар талап етті.
GGG ағайынды Максимилиан мен Олег Германовтардан ірі көлемде өтемақы сұрап отыр. Оларға әдейі кіріс туралы толық есеп бермей, құжаттарда көрсетілген сомадан көп комиссия алды деген айып тағылған.
TheBlast.com басылымының жазуынша, Головкин сотқа берген арызында экс-менеджерлердің тиісті қызмет көрсетпегенін де атапты.
GGG мәлімдегендей, ол 2017 жылы ағайынды Германовтармен іскерлік қарым-қатынасын тоқтатқан, алайда олар шарттың бұзылғанына қарамастан Сауль «Канело» Альваресқа қарсы екінші жекпе-жегінен пайда түсіруге тырысыпты.
Головкин бұрынғы келісімдерінің өтемақысы ретінде 3,5 миллион доллар сұрап, менеджерлермен қатынасын ресми түрде тоқтату туралы сот шешімін көздейді.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан