«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 141 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады деп жоспарланған.
Сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субектілерінен 169 миллиард теңге тарту күтіледі. Цифрландырудан ел экономикасына қандай пайда түседі?
Әлем бойынша Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту индексінде Қазақстан 52-інші орында.
Көрсеткіштің көш басына Исландия мемлекеті орналасқан. Екінші орында Оңтүстік Корея, Үштікті Швейцария қорытындылап тұр. Ал елімізбен көршілес жатқан Ресей 45-ші, Қытай 80-ші, Қырғызстан 109-шы орынға тұрақтапты. Аталған рейтинг елдердің кең жолақты интернетке қосылуы, мобильді байланыс сапасы және тұрғындардың компьютерлік сауаттылығы сынды көрсеткіштер бойынша жасалған. 2050 жылы осы рейтингте Қазақстан 15-ші орынға шығады деген болжам бар.
Бізде қолға алынған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2022 жылы аяқталуы тиіс. Бірақ қазірдің өзінде ол өз тиімділігін көрсетіп, экономикаға 210 миллиард теңге пайда келтірді. Бағдарламаның арқасында үкіметтің шығындары қысқарып, табысы біршама артады деген болжам бар. Нақтырақ айтсақ, 2025 жылға қарай елдің жалпы ішкі өнімінің өсу қарқынын жылына 4,5-5% жеткізе алады. Алдын ала есептеу бойынша экономиканы цифрландырудан келетін тікелей әсер 2025 жылға қарай 1,7-ден 2,2 трлн теңгеге қосымша құнды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бірақ айта кететін тағы бір жайт, бағдарлама тек табыс табу ғана емес, халықтың өмір сапасын жақсартуды да мақсат еткен.
Еліміздің қаржы министрлігі цифрлық жүйеге көшу арқылы 2025-ші жылға дейін мемлекет қазынасына 5 жарым триллион теңге пайда түсірмек. Былтырдың өзінде мемлекеттік кірістер органдары 22 миллион қызметтің 20 миллионын электронды түрде көрсетті. Яғни, бірнеше цифрлық жүйені жүзеге асырып жатыр. Соның бірі — «Астана-1» жүйесі.
Үміт Губашева, БҰҰ «Астана-1» кеңсесінің координаторы:
— «Астана-1» деген кедендік ақпараттық жүйесі. 2017 жылдан бастап енгізілді. Бизнестік ақшасын және уақытын кедендік рәсімдеуге кететін соны үнемдеді. Осы жүйені енгізу арқылы осы жылы Қазақстан Doing Business рейтингінде де жақсы деңгейге келді.
Биыл отандық шаруалар шет елдерге 25 мың тонна сиыр етін экспорттамақ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары әрі Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылы ведомство алға қойған міндетті межеден асыра орындаған. Яғни, 2018 жылы олар жоспарланған 15 мың тоннаның орнына 20 мың тоннаға жуық сиыр етін экспорттады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің цифрлық жүйеге көшу ісі қалай жүріп жатыр? Бүгінде министрлік көрсететін қызметтің қанша пайызы онлайн жүргізіледі?
Бұл министрлік жалпы саны 106 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бүгінде оның 74-і цифрландырылған. Сонымен қатар 54 субсидияның түрі бар. Жыл соңына дейін оның барлығын автоматтандырмақ.
Айта кеткен жөн, осы цифрлық жүйеге көшу барысында министрлікке қарасты 1500 қызметкердің жұмыс орны қысқарады.
Өткен жылы елімізде 118 миллион тонна көмір өндірілді. Оның 5,5% сапасы төмен болған. Қалғаны таза тас көмір болып шықты. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 6% артық. Ал бағаға тоқталар болсақ. Желтоқсанда көмірдің тоннасы 12,5 мың шамасында тіркелді. Бұл алдыңғы жалдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% қымбат. Дегенмен, барлық өңірде баға бірдей емес.
Статистка комитетінің мәліметтеріне қарағанда желтоқсан айында ең қымбат көмір Оралда тіркелген. 18500теңге. Таразда 15600, Қызылордада 15150 шамасында сатылды. Ал қатты отынның ер арзан бағасы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Мұнда тоннасы 8500 мен 9500 теңге шамасында саудаланған.
Өткен жылдың тоғыз айында Түркістан облысына келген туристер өңір қазынасына осынша пайда әкелді. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% көп. Енді жергілікті билік 2025 жылға дейін аймаққа келетін қонақ санын 5 миллионға жеткізу туралы меже қойып отыр. Ол үшін демалыс орындары мен қонақ үйлердің саны көбеймек. Биылдың өзінде өңірге 163,5 миллиард теңге инвестиция тартылған.
Енді валюта бағамына тоқталайық. Бүгін АҚШ -тың бір доллары 380 теңге 6 тиынға тең.
Дереккөз: 24.kz