29 қаңтар – 2 ақпан аралығында Щучинск қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткен республикалық «Зерде» байқауынан жамбылдық озат оқушылар топ жарып, жүлделі орындарға ие болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Білімділер бақ сынаған байқаудың басты мақсаты – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, оларға бағыт-бағдар беріп, білімдерін шыңдау.
Ал 2-7 сынып оқушылары қатысқан білім додасына облыстың іріктеу кезеңінен суырылып шыққан 25 оқушы зерттеу жұмыстарын физика, технология, метаматика, қазақ тілі, орыс тілі сынды 8 секция бойынша зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларын қорғады.
Айта кетейік, дәстүрлі жарыс қорытындысы бойынша облыс намысын қорғаған 25 оқушының 15-і І орын, 5-і ІІ орын және 5-і ІІІ орын иеленіп, 25-і де жеңімпаз атанды.