Таразда үстеме жұмыстарға жол беретін мемлекеттік органдар анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде өткен жиында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін қалып, үстеме жұмыс атқаруына ерекше көңіл бөлінді. Осыған орай, Департаментпен Агенттіктің тапсырмасына сәйкес, жұмыс уақыты аяқталғаннан соң үстеме жұмыстарға жол беретін мемлекеттік органдарды анықтау мақсатында, мемлекеттік қызметшілердің арасында қайталама сауалнама жүргізілді.
Сауалнамамен Жамбыл облысының 332 мемлекеттік органдарының 2841 мемлекеттік қызметшілері қамтылды. Нәтижесінде, үстеме жұмыстар үлкен көлемінде келесі мемлекеттік органдарда орын алатындығы анықталды:
1) Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (жалпы сауалнамаға 26 қызметкер қатысқан, оның ішінде 8 (30,7%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті);
2) Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (жалпы сауалнамаға 16 қызметкер қатысқан, оның ішінде 5 (31,2%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті);
3) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы (жалпы сауалнамаға 26 қызметкер қатысқан, оның ішінде 8 (30,7%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті);
4) Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы (жалпы сауалнамаға 13 қызметкер қатысқан, оның ішінде 4 (30,7%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті);
5) Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жалпы сауалнамаға 23 қызметкер қатысқан, оның ішінде 7 (30,4%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті);
6) Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (жалпы сауалнамаға 27 қызметкер қатысқан, оның ішінде 8 (29,6%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті);
7) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (жалпы сауалнамаға 18 қызметкер қатысқан, оның ішінде 5 (27,7%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті);
8) Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жалпы сауалнамаға 23 қызметкер қатысқан, оның ішінде 6 (26%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті);
9) Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы (жалпы сауалнамаға 23 қызметкер қатысқан, оның ішінде 6 (26%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті);
10) Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (жалпы сауалнамаға 134 қызметкер қатысқан, оның ішінде 34 (25,3%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті);
Сонымен бірге, қала және аудандар да осындай жағдай орын алып отыр:
1) Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарының сауалнамаға қатысқан 94 қызметкерлерінің ішінде 51 (54,2%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті;
2) Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының сауалнамаға қатысқан 141 қызметкерлерінің ішінде 66 (46,7%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті;
3) Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарының сауалнамаға қатысқан 192 қызметкерлерінің ішінде 73 (38%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті;
4) Байзақ ауданының жергілікті атқарушы органдарының сауалнамаға қатысқан 191 қызметкерлерінің ішінде 69 (36,1%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті;
5) Қордай ауданының жергілікті атқарушы органдарының сауалнамаға қатысқан 208 қызметкерлерінің ішінде 72 (34,6%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті;
6) Т.Рысқұлов ауданының жергілікті атқарушы органдарының сауалнамаға қатысқан 170 қызметкерлерінің ішінде 48 (28,2%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті;
7) Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарының сауалнамаға қатысқан 128 қызметкерлерінің ішінде 35 (27,3%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті;
8) Шу ауданының жергілікті атқарушы органдарының сауалнамаға қатысқан 158 қызметкерлерінің ішінде 37 (23,4%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті;
9) Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының сауалнамаға қатысқан 148 қызметкерлерінің ішінде 29 (19,6%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті;
10) Меркі ауданының жергілікті атқарушы органдарының сауалнамаға қатысқан 157 қызметкерлерінің ішінде 23 (14,6%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті;
11) Сарысу ауданының жергілікті атқарушы органдарының сауалнамаға қатысқан 119 қызметкерлерінің ішінде 12 (10,8%) қызметкер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейтіндігін көрсетті;
Жүргізілген сауалнама көрсеткендей, сұралған қызметкерлер үстеме жұмыстардың себебі жұмыс мөлшері көп болуына және штаттың толық болмауына байланысты болатындығын атап өтті.
Сондай-ақ, рейдттік іс-шараның барысында, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері жұмыс уақыты аяқталғаннан соң, үстеме жұмыстарды жасап жатқандығы анықталды. Бөлімнің қызметкерлеріне үстеме жұмыстарға тиісті бұйрықтар шығарылмағандығы, және төлемдер жасамағандығы белгілі болды. Осыған орай, материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасына жолданды.
Басқарманың әкімшілік құқық бұзушылық туралы 27.12.2018 ж. №11-Т хаттамасымен ҚРӘҚБтК 811-бабында (қысқартылған іс-жүргізу) көзделген тәртіппен Бөлім басшысы Жұманқұл Сәкен Көшербекұлы ҚРӘҚБтК 87-бабының 3-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін 36 075 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Одан бөлек, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармаларында үстеме жұмыстарға жол беретіндігі белгілі болды. Осыған байланысты, көрсетілген басқармаларда тексеру жүргізу үшін материалдар Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасына жолданып, қазіргі таңда тексерулер жүргізіліп отыр.