Жақсылық ауылында биыл жастарға арналған спорт кешені салынады

0 0

Жақсылық ауылына 2019 жылы жастарға арналған Спорт кешені демеушілік есебінен салынса, Көкдөнен ауылына барлық стандартқа сай футбол алаңын салуды жоспарлау міндеті ауыл әкімі Т.Атабаевқа тапсырылды. Бұл туралы Т.Рысқұлов ауданы әкімі Асқар Қрықбаев Көкдөнен ауылдық округінде халықпен кездесіп, атқарылған жұмыстарға есеп беру барысында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Есепті кезеңдегі ауылдық аймақта атқарылған шараларды талдап, тұрғындардың жайылым жер, тау суы келетін каналдарды жөндеу, арзан бағамен газ кіргізу сияқты сауалдарына жауап берді.

Жақсылық ауылы тұрғындары атынан сөз алған Ә.Тұрманбетов көңілге қонымды ұсыныстар айтса, Б.Дәулеткелдиев пен Ж.Төлеуішовтардың ұсыныс, сауалдарына нақты жауаптар алды.

Ауылдық округте «Жастар жылы» аясында атқарылатын жұмыстар туралы жоспарлар айтылды. Округ әкімі Т.Атабаев пен аудан әкімі А.Қрықбаевтың атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деп баға берген ауыл тұрғындары алғыстарын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.