2019 жылғы 10 қаңтар — 10 ақпан аралығында барлық білім бөліміне қарасты мекемелер арасында республикалық «Қазақстан — мейірімділік мекені» жобасы аясында «Қамқорлық» акциясы өткізілуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аталмыш акция аясында қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қалалық білім бөліміне қарасты Сағадат Нұрмағанбетов атындағы №10 орта мектептің көмек көрсетілетін әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасыларына арнайы барып, жағдайларымен танысты.
Ал көпбалалы отбасының анасы З.Қалматаева жұмыссыз, бес бала тәрбиелеуде, жер үйде бір бөлмені жалдап тұрады. Алты бала тәрбиелеп отырған Ж.Тоқсейітова жатақханада бір бөлмені жалдап тұруда. Өзі жұмыссыз,балалар жәрдемақысымен күн көруде.
Сондай-ақ, қала әкімі отбасына азық-түлік, балаларға қыстық күртеше, аяқ киім, кішкентайларға ойыншықтар табыс етті.