Қазақстанның атақты шаңғышысы Еуропадағы жарыста алтын жүлде иеленді

0 3

Қазақстанның шаңғышылар командасының көшбасшысы Алексей Полторанин Словенияның Планица қаласында өтіп жатқан Альпы Кубогында алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.

Спортшы 15 шақырым қашықтыққа классикалық әдіс бойынша жарыста топ жарып, алтын медаль ұтты. Полторанин 36:3.0-та мәре сызығын кескен. Екінші орынды эстониялық Карел Таммъярв алды — 37:17.9. Үшінші орында поляк шаңғышысы Доминик Бура — 37:40.8. Финишқа барлығы жетпіс спортшы жетіпті.

Естеріңізге сала өтсек, Альпы Кубогы FIS-старт жарыс бағдарламасының құрамына кіреді.

Ал кеше ғана отандасымыз Юлия Галышева АҚШ-та фристайлдан өткен әлем чемпионатында алтын медаль алып, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.