Қалмұхамбет Қасымов қызметінен кетті

0 4

Қалмұхамбет Қасымов Қазақстан Президенттің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қасымов 2011 жылдан бері ІІМ басшысы қызметінде болды. Ол 1957 жылы Алматы облысы Іле ауданы Дмитриев ауылында дүниеге келген. Білімі жоғарғы, 1979 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде «заңгер» мамандығын тәмадаған. Полиция генерал-полковнигі.

1979 жылы — тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің басшысы, Алма-Ата облысы ішкі істер басқармасының Іле аудандық ІІБ басшысының орынбасары. 1988 жылы — Алма-Ата облысы ІІБ қоғамдық тәртіп күзеті бөлімінің басшысы. 1989 жылдан — Алма-Ата облыстық ІІБ Қапшағай ішкі істер бөлімінің басшысы. 1992 жылдан — Криминалдық милиция басқармасының басшысы, Алма-Ата облыстық ІІБ басшысының орынбасары. 1997 жылы наурыз-шілде — ІІМ криминалдық полиция департаментінің басшысы.

1997-2003 жылдары — Алматы қалалық Бас ішкі істер басқармасының басшысы. 2003-2005 жылдары — Бас ішкі істер басқармасының, Алматы облысы ішкі істер департаментің басшысы. 2005-2009 жылдары — бірінші вице-министр, ҚР ішкі істер вице-министрі. 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басшысы. Министр қызметіне 2011 жылы сәуірде келді. 2011 жылы 14 желтоқсанда оған полиция генерал-лейтенанты шені берілді, ал 2015 жылы мамырда полиция генерал-полковнигі берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.