Таразда ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне көрме өтуде

0 42

Облыстық көрме залында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған интернационалист жауынгерлердің құрметіне «Ауғанстан жадымызда және жүрегімізде » атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Көрмеде ауған соғысына қатысқан ардагер жауынгерлердің жеке құжаттары,  фотосуреттері, медальдары, ордендері мен ауған соғысында киген формалары, соғыс кезінде пайдаланған құрылғылары жинақталып, көпшілікке ұсынылдыСондай-ақ, музей қорынан соғыс ардагері, суретші А.Горбаневтың соғыс кезінде салған туындыларын тамашалауға болады.

Салтанатты жиында ауған соғыс ардагерлерін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Сара Мәдиева құттықтады. Ал ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлердің туыстарына және әйелдеріне генерал-майор Әбдіқапар Қазиевтің атынан алғыс хаттар берілді.

Айта кетейік, көрме бір ай бойы жалғасып, ел назарына ұсынылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.