Жуалыда битум зауыты салынып жатыр

0 1

Жуалы ауданында тәулігіне 100 тонна жол битумын өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Бүгінде ауданда Қазақстан Республикасының 2015- 2019 жылдарға арналған индустриалды- инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау картасын өзектендіру мақсатында ауданда жаңа ережелердің талаптарына сай келетін бір жобамен жұмыс жүргізілуде. Ол — Шақпақата ауылдық округінен жол битумын шығаратын шағын зауыттың құрылысы.

Инвестициялық жобаның құны 161,0 млн. теңгені құрайды. Зауыт құрылысын «Шақпақжол сервис» ЖШС жүргізуде. Серіктестік өндіріске қажетті құрал- жабдықтарды толығымен жеткізіп, орнатуда. Бүгінде зауыт 80 пайыз дайындық кезеңінде.

Айта кетейік, жылдың көктем-күз мезгілі арасында жеті ай үздіксіз жұмыс істейтін өндіріс орны толығымен іске қосылғанда тәулігіне 100, ал жылына 17 550 тонна жол битумын өндіретін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.