Жамбыл облысында 255 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр

0 30

Жамбыл облысында 255 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ержан Жұмабеков, Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ермек Тұмабеков, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Сабыр Түменбаевтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.

Спикерлердің айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің штат саны — 5080 бірлік (ЖАО-2248, ОМО -2232), оның ішінде — 7, корпус «А» — 11, корпус «Б» — 5062 (ЖАО -2830, ОМО -2232). Нақты саны 4806 қызметші (ЖАО -2696, ОМО -2110) немесе 94,6% құрайды, бос лауазымдар үлесі – 274 немесе 5,4%-ды құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 39,9 жас, ал орташа мемлекеттік қызмет өтілі – 10,7 жыл. Нақты лауазымдағы орташа қызмет өтілі – 4,9 жыл. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітіргендер -16 (ЖАО-9, ОМО-7) қызметкер. «Болашақ» бағдарламасының түлектері — 3 (ЖАО). Таза ауысымдылық 255 қызметшіні (жао-138, омо-117) немесе 5% құрайды. Мемлекеттік қызметшілермен жұмыстағы сұхбат 100% құрайды. Өткен кезеңде мемлекеттік органдарда үміткерлердің қатысуымен өткен конкурстарға байқаушылардың қатысуы 100 % қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 12 айында тестілеуден өтуге барлығы 6042 азамат өтініш білдірген.Өтініш білдірген азаматтардың ішінен 2520 адам немесе 41,7% тестілеудің шекті мәнінен өткен. Олардың ішінде 3609 азамат әкімшілік мемлекеттік қызметке тест тапсырып, 1433 адам немесе 39,7% тестілеудің шекті мәнінен өткен.

Сонымен қатар, 2433 азамат құқық қорғау қызметіне тестілеуден өтуге ниет білдіріп, олардың ішінде 1087 адам немесе 44,7% тестілеудің шекті мәнінен өткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.