Тараздағы №49 мектеп-гимназияда ерекше байқау өтті

0 0

Тараз қаласындағы №49 мектеп гимназиясында  «Кішкентай ханзада мен ханшайым» атты ерекше байқау ұйымдастырылды. 4-ші сыныптар арасында өткен жарысқа  6 жұп қатысып өз өнерлерін ортаға салды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жарыс 4 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қатысушылар өздерін таныстырып, сахнаға қазақтың ұлттық киімдерімен шықты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар» жылын өлең жолдарына қосып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді.

Ал екінші бөлімде балалар өз өнерлерін ортаға салды. Бір жұп әннен шашу шашса, екінші жұп қолөнер бұйымдарын жасады. Күй тартып, би билеген олар  білім ордасында тек дәріс алып қана қоймай, түрлі өнер түрлерін де меңгеріп жүргендерін дәлелдеді.

Ал сайыстың үшінші бөлімі мақал-мәтелдерге арналса, төртінші бөлім сән үлгісін көрсетуге ұласты. Қатысушылардың бір тобы киімдерді жұқа, түрлі-түсті қағаздан жасаса, енді бірі целофан қалталардан тіккен. Ата-аналардың көмегімен жасалған киім үлгілері әділқазы алқаларының мүшелерін де тәнті етті.

Жарыс соңында қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.