Жамбыл жастары қайырымдылық акциясын өткізуде

0 1

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Өркен-Ниет» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен «Жан жылуы» атты волонтер жастардың облыстық қайырымдылық акциясын өткізуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Адрестік жұмыстар нәтижесінде анықталған қамқорлық пен қолдауға мұқтаж 220 отбасына көмек көрсетілуде. Әр отбасыға бірінші кезектегі әлеуметтік маңызды азық-түліктер таратылуда.

Қайырымдылық шара барлық аудандар мен елді мекендерде бір мезетте ұйымдастырылып, волонтерлер жалғызілікті қарттарға, тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж жандарға үй шаруасына көмек көрсету т.с.с. жұмыстарын жүргізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.