Жамбыл облысында 2018 жылы көмір мен газдан 23 адам зардап шеккен

0 0

Жамбыл облысында 2018 жылы көмір мен газдан 23 адам зардап шеккен. Бұл туралы  облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында болған жиында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Аталған жиын Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Әкімбаев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФӨТБ басшысы Абыл Юсупов, директордың кеңесшісі Айтқазы Қарабалаевтың қатысуымен өтті.

2018 жылы облыс аумағында төтенше жағдайлар критериіне жататын 22 улы газбен улану оқиғасы тіркеліп (2017 ж — 20), салдарынан 44 адам уланды (2017 ж. — 29), оның 9 қаза болған (2017 ж. — 5). 2017 жылмен салыстырғанда улану оқиғаларының саны 10%-ға, зардап шеккендер саны 51%-ға, ал қаза болғандар саны 80%-ға артып отыр.

Барлық улану оқиғаларының орташа есеппен алғанда 50%-ға жуығы табиғи газбен улану оқиғаларынының үлесіне тиюде. Ағымдағы жылы 2 ай ішінде облыста орын алған 5 улы газбен улану оқиғасының салдарынан 7 адам уланған және 3 қаза болған.

2018-2019 ж.ж. жылыту маусымы ішінде (2018 жылғы 15 қазан — 2019 жылдың ақпан айы) түтін мұржаларының бітелуі мен пеш ақауларының салдарынан көміртегі тотығымен уланудың 10 дерегі тіркеліп, 23 адам зардап шексе, оның 3-і қайтыс болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.