Равиль Тюлебаев Байзақ ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

0 9

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы Равиль Тюлебаев жұмыс сапарымен Байзақ ауданында болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Равиль Қуанышбайұлы алдымен Қостөбе ауылдық округі аппаратының, одан соң «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ-ның «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Байзақ аудандық бөлімінде, орталық ауруханада және аудан әкімдігі «Жұмыспен қамту орталығы» мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысымен танысты.

Бұдан соң әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиында аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев 2018 жылы ауданда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік қызмет саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» басқармасының басшысы Жандос Тойшыбеков мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты өңірдегі атқарылған жұмыстар мен орын алған мәселелерді атап өтті.

Жиында Равиль Тюлебаев департамент алдында тұрған міндеттерге тоқталып, әдеп кодексін сақтау, мемлекеттік қызметшілер арасында «мінсіз абырой» міндеті қойылып отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар, ол барлық салаға енгізіліп жатқан цифрландырудың халыққа беретін пайдасын, Жастар жылында жас толқынды мемлекеттік қызметке тартуды жандандыруды, департамент тарапынан қолға алынып жатқан игі істердің мән-маңызын атап өтіп, қоғам дерті — жемқорлықпен бірлесе отырып күресуге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.