Жамбыл облысында Тараз-Жаңатас бағытындағы облыстық маңыздағы автожол ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 сағатқа жабылды.
Қар жауып, желдің екпіні секундына 20 шақырым жылдамдыққа дейін жеткен. Салдарынан тасжолдың Сарысу ауданындағы 100-170 шақырым аралығында барлық көлік түріне қозғалысқа шектеу қойылды. Тек бүгін таңғы сағат 7:00 шамасында жол қайта ашылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, лайға тығылып жолда қалған 3 жеңіл көлік шығарылды. Оқиға дәл осы жолдың бойындағы Ақтоғай ауылының маңында болған. Ішіндегі 9 адам Жаңатас қаласына жеткізілді.
Дереккөз: 24.kz