Жамбылдық жас өркендер 7 жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды

0 0

13-16 ақпан аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан байқаудың республикалық кезеңіне  облыстан 58 оқушы қатысып, бақтарын сынады.

Республикалық конкурстының биылғы ерекшелігі – оқушылардың ғылыми жобаларын қорғаудың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық секциялар онлайн-режимде өтті.

Ғылыми жобалар байқауы 4 бағыт бойынша жүргізілді. Ұсынылған жобалар сан алуан әрі қызықты. Атап айтсақ, экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу; ғылыми-техникалық прогресс — экономикалық өсудің негізгі буыны; таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі; Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.

Байқау қорытындысы бойынша, жамбылдық 5 оқушы алтын, 2 оқушы күміс және 17 оқушы қола медальді иеленіп, топ жарды. Сондай-ақ, биылғы жылы да Жамбыл облысының командасы 7 жыл қатарынан «Ең үздік команда-2019» атағын жеңіп алды.

Жеңімпаз оқушылар мен педагогтарды құттықтаймыз! Білім сайыстарында жүзден жүйрік шыққан жас өрендердің білім жолына аттаған әрбір биік белестеріне сәттілік тілейміз!

Айта кететін жайт, аталған республикалық додаға еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облысы, республикалық білім беру ұйымдары және Назарбаев зияткерлік мектебінен 800-ден аса дарынды оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша сынға түскен болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.