Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қанатбек Мәдібектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жыл ішінде табиғат пайдаланушыларға 332 сараптама қорытындысы берілді (2016 ж. – 412, 2017 ж. – 236). Оның 96-ы, яғни, 28,9 пайызы экологиялық нормаларға сәйкес келмегені үшін келісілмеді. Берілген 332 сараптама қорытындысынан, ведомстводан тыс кешенді сараптама арқылы 2 қорытынды берілді, оның ішінде келісілмегені 2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 107 өтінім келіп түсті (2016 ж. – 225, 2017 ж. – 148). 79 өтінімге рұқсат берілді (2016 ж. – 153, 2017 ж. – 90). 28 өтінім қабылданбады (2016 ж. – 72, 2017 ж. – 58). Жобалардың орташа қаралу мерзімі – 11 күнтізбелік күн болды. Өтінімдерде – 5 күнтізбелік күнді құрады (Ережеге сай белгіленген мерзім – 45 күн, 15 күн.).
Өңірде табиғат пайдаланушылардың жалпы саны 2429. Оның ішінде: I-санатта – 309, 2-санатта – 187, 3-санатта – 383, 4-санатта — 1550 жеке және заңды тұлғалар бар. Департаментте 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. (І-санаттағы нысандар үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру, І-санаттағы нысандар үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру).
396 нысанға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 79 нысанға экологиялық рұқсат берілді. 317 нысан мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алды. 43 мемлекеттік қызмет бойынша бас тартылды. Көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қатысты табиғат пайдаланушылар тарапынан арыз-шағымдар болған жоқ. Жыл басынан бері қоршаған орта эмиссияларына арналған лимиттердің шығарындылары 114,9 мың тонна болса, нақты эмиссия көлемі 80,8 мың тоннаны құрады. (2017 ж. эмиссия лимиттері – 115,8 мың. тн, нақты эмиссия көлемі – 70,3 мың тн).