Жамбылдық оқушылар әлемге әйгілі спортшылармен жүздесті

0 13

19 ақпан күні білім басқармасының «Ғылым-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» ұйымдастыруымен Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатында және мамандандырылған «Дарын» мектеп интернатында спорт жұлдыздарымен ашық форматта үшінші мотивациялық кездесу өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Жастар жылы» шеңберінде «Taraz Talks» жобасы бойынша өткен кездесуге 60 оқушы қатысты. Жиынға Қазақстан Республикасының еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, қазіргі таңда №5 Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ақжүрек Таңатаров, еркін күрестен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Алтай Танабаев, самбодан, дзюдодан, қазақ күресінен спорт шебері, Әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері, Жуалы ауданының «Құрметті азаматы», қазіргі таңда №1 Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Сәлкен Жартыбаев келді.

Жиында ел мақтаныштары жастарға өз тәжірибелерімен бөлісіп, өмірлік кеңестер беріп, спортпен шұғылдануға үндеді. Жастармен қуана қауышқан спорт шеберлері оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырды.

Жеңісі арқылы жастарға терең ой салған әлемге әйгілі спортшылар жастарды салауатты өмір салтын сақтауға, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстап, өзіне, еліне пайдасын тигізетін іспен айналысуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.