Қазақстанда «Эреспалдан» бөлек құрамында фенспириді бар тағы екі дәрі уақытша сатылмайды. Бұл туралы фармация комитетінің өкілі «Астана» арнасына берген сұхбатында хабарлады.
Олар – украиналық «Инспирон» және түркиялық «Тирфинс» препараттары. Фенспиридтің құрамындағы белсенді қоспа жүрек соғысын жиілетіп, тоқтатуы мүмкін. Бұл препараттар жөтел, ларингит, бронхит, бронх демікпесін емдеуге қолданылып келген.
Бірақ аталған дәрілердің тіркеу куәліктері әлі кері қайтарылған жоқ. Дәрінің нақты қауіпті екені анықталғанда ғана мемлекеттік тіркеуден алынып тасталмақ.
«Екеуін де біздің елде сату тоқтатылды. Еуропа медицина агенттігінен қосымша ақпарат күтіп отырмыз. Тағы ақпарат келіп түскен жағдайда қосымша шешім қабылдаймыз», — дейді ҚР ДСМ Фармация комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан