Қазақстанда мемлекеттік порталдарды біріктіру көзделіп отыр

0 0

Биыл елімізде мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды түрде көрсетіледі, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Ал келер жылы көрсеткіш 90 пайызға жеткізілуі тиіс. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының орындалу барысы баяндалды. Оның аясында ауылдық елді мекендерді түгелдей интернетпен қамту жайы қозғалды.

Сондай-ақ 5G технологиясын пилоттық негізде іске қосу мәселесі талқыланды. Айта кетейік, биыл мемлекеттік қызметкерлердің смартфон ұстауына рұқсат берілуі мүмкін. Министрдің айтуынша, ведомствода жаңашылдық сынақ түрінде енгізілген. Бұдан бөлек, елімізде мемлекеттік порталдарды біріктіру көзделіп отыр. Сол арқылы маңызды ақпараттарды бір жүйеден алуға мүмкіндік туады.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

– Қазіргі уақытта электрондық үкімет порталына 8 млн адам тіркелген. 18 жыл ел тұрғындарына 30 млн қызмет түрі электронды түрде көрсетілді. Электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша БҰҰ зерттеу қорытындысына сай Қазақстан 39 орыннан көрінді. Бұл – өте жоғары көрсеткіш.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/297676-aza-standa-memlekettik-portaldardy-biriktiru-k-zdelip-otyr
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.