Таразда ресейлік «Эталон меха» жәрмеңкесі басталды. Аталған жәрмеңке облыстық драма театрында өтіп жатыр. Көздің жауын алар құндыз тондарымен танымал дүкендер желісі қазір өз өнімдеріне үлкен жеңілдіктер жариялап отыр. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Іздегеніңіз қолжетімді бағада, тіпті көктем мезгіліне шақталған жеңіл сырт киімді де осы жәрмеңкеден табуға болады. Еркін таңдауға мүмкіндік бар. Тондар санының көптігінен көз сүрінеді. Ал сапасы жөнінен кез-келген талапқа сай.
Артем ИГНАТЬЕВ, ЖӘРМЕҢКЕ ӘКІМШІСІ:
— Тараз қаласының қыз-келіншектерін қуанту үшін «Эталон меха» жәрмеңкесі қайта келді. Жәрмеңкеге классикаға айналған құндыз, мутон тондардан бөлек, жағалы сырт киімдер мен осы маусымның сәнді ішіктері де қойылған. Ұнаған тауарды қалтаңызда ақшаңыз болмаса, несиеге және пайызсыз бөліп төлеп алсаңыз болады
Айта кетейік, «Эталон меха» дүкендер желісі бес жылдан бері Қазақстанның барлық қалаларында жәрмеңке өтікізіп келеді. Тараздың өзіне жылына бірнеше мәрте ат басын бұрады. Тағы бір айта кетерлігі, қымбат тондар қарапайым тұрғындар үшін де қолжетімді. Нақты ақшаңыз болмаса, несиеге рәсімдеп береді. Ешқандай алдын ала төлемсіз, үстеме ақы да талап етпейді.
Гүлжанар БИНАЗАРОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
— Бүгін өзімнің туған күніме сыйлық жасайын деп шештім. Жарнамасын көріп осында келдім. Мынандай сападағы тондарды Тараздан көрмедім деп айтсам болады. өйткені барлық магазиндерді аралап шықтым.
Тігін фабрикасынан тікелей жеткізілген сырт киімдердің бағасы нарықтағы өнімнен арзан. Сәнқойлар үшін эксклюзив үлгідегі киімдердің түрі өте көп. 19-шы ақпаннан басталған жәрмеңке осы айдың 24-іне дейін жалғасады.
Дереккөз: Jambyl tv