Шу ауданында 2 елді мекенге магистралды газ құбырын салу жоспарланып отыр

0 1

Шу ауданына биыл республикалық бюджеттен 200000,0 мың теңге қаржы бөлініп, Шу қаласына баратын жоғарғы қысымды газ құбырына жақын 2 (Тасөткел су қоймасы мен Жайсан) елді мекеннің магистралды газ құбырын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте аудан әкімі Қайрат Досаев мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Қайрат Әскербекұлы атап көрсеткендей, 18 ауылды газдандыру үшін магистралды газ құбырын жүргізуге энергетика басқармасы арқылы ЖСҚ әзірленді. Атап айтар болсақ, Абай, Мойынқұм, Жиенбет, Еңбек, Ақтөбе, Балуан Шолақ, Бәйдібек, Ақтасты, Бөлтірік, Далақайнар, Шоқпар, Шоқпар бекеті, Тасөткел су қоймасы, Аспара, Тасөткел, Жайсан, Оразалы батыр, Ақсу ауылдары бар. Жоба құны 6 млрд. 492 млн. 970 мың теңге. Басқарма республикаға қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінім өткізді.

Бүгінде ауданда 36 елді мекеннің  10 ауылы газдандырылған.  Олар Шу қаласы, Жаңажол, Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Төле би, Бірлік, Қонаев, Көктөбе, Бірлікүстем елді мекендері. Ал Алға және Сауытбек ауылдарына газдандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Брифинг барысында өңір басшысы аудандағы ауыз мәселесіне де жан-жақты тоқталды.

—  «Ауыз-Су» және «Ақ бұлақ» бағдарламалары шеңберінде 35 ауылдық елді мекеннің 20 ауылдық елді мекені, 56275 тұрғын  ауыз сумен қамтылған. Шу қаласында 21609 тұрғын ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, 5 елді мекен (Құмөзек, Аспара, Еспе, Құлақшын, Алайғыр) темір жол станциялары 11,4%, темір жол арқылы ауызсумен қамтамасыз етілген. Есепті кезеңде, Қонаев ауылының су жүйелерінің  құрылысы аяқталып пайдалануға берілсе, Абай ауылында су жүйесі мен су шығару ғимараттарының құрылысын жүргізу жұмыстары басталған, 2019 жылы аяқталуы жоспарлануда. Сонымен бірге, Мойынқұм ауылы су жүйелері мен су шығару ғимараттарының құрылысы бойынша ЖСҚ толықтай дайындалып, облыстық құрылыс басқармасы арқылы республикалық бюджеттік өтінім берілді. Ал, Ақтөбе және  Оразалы батыр ауылдарының су жүйелері мен су шығару ғимараттарының құрылысы бойынша сараптамадан өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мердігер есебінен қайта сараптамаға жолданды», — деді Ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.