Жамбылдық спортшылар самбодан ел біріншілігінде топ жарды
Самбодан жасөспірімдер арасындағы азия және әлем біріншілігіне іріктеу аяқталып, облыстың намысын қорғаған 20-спортшының төртеуі жүлдемен оралды. Олар енді әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетпек, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ақпан айының 14-18 аралығында Ақтау қаласында өткен жарыс тартысқа толы болды. Бұл жолғы додаға қатысушылар саны былтырғыға қарағанда екі есе көп. Жаттықтырушылардың айтуынша бұл жолғы нәтиже жақсы. Өйткені, спортшылардың барлығы да аудандардан іріктелініп алынды.
Сондай-ақ, 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасындағы өткен бәсекеде өңіріміздің намысын қорғаған 20 спортшының төртеуінің бағы жанды. Атап айтар болсақ, 1-алтын, 1-күміс, 2 –қола медаль қоржында бар.
Айта кетейік, алдағы уақытта азия және әлем біріншілігі басталмақ. Енді өңірге оралған 4-жеңімпаз осы жарыстарға дайындық жұмыстарын бастайтын болады.
Дереккөз: Jambyl TV