Қазақстанда бірқатар мемлекеттік органның сайты істен шығады

0 7

Демалыс күндері 13 мемлекеттік органның ресми сайты бірнеше сағат бойы жұмыс істемейді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 13 мемлекеттік ұйым мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты интернет қолданушылары үшін уақытша қолжетімсіз болатынын хабарлады.

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурсының істен шығуына телекоммуникациялық жабдықта жоспардан тыс жүргізілетін жұмыс себеп болып отыр.

Ресми сайттар бүгін кешкі 21:00-ден ертең түскі сағат  13:00-ге дейін жұмыс істемейді.

Осыған байланысты төмендегі интернет-ресурстар уақытша істен шығады:

  • «Электронды үкімет» порталы;
  • «Мобильді үкімет» қосымшасы;
  • «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;
  • «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі;
  • «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;
  • Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы конституциялық кеңесінің сайты.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.