Таразда республикалық аламан айтыс өтеді (ВИДЕО)

0 11

28 ақпан күні Тараз төрінде қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы, «Жыр алыбы» атанып кеткен Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай дәстүрлі «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық аламан айтыс өтеді. Бұл  туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аламан айтысқа Мұхтар Ниязов, Айбек Қалиев, Аспанбек Шұғатаев, Дидар Қамиев, Қайнар Алагөзов, Талғат Мықи, Шұғайып Сезімхан, Алтынкүл Қасымбекова, Асхат Қылышбек, Қанат Мырзахан сынды республикамызға танымал ақындар қатысады.

Жыр додасын ақын, халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.

Бас жүлде — автокөлік.

Шараның өтетін орны: Тараз қаласы, «Баласағұн» ОКЗ;

Шараның өтетін уақыты: 28 ақпан, сағат 11:00, 2019 жыл;

Шараны ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Байланыс телефондары: 45-08-50, 45-25-59

Кіру тегін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.