Жемқорлықты жою ортақ іс. Осы мақсатта ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев Сарысу, Талас ауданындарына барды. Онда бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көріп, түйіткілді мәселелермен танысты. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Ауыл-аймақта дәрігер мамандар тапшы. Денсаулық сақтау нысандарын аралаған кезде осы мәселе көзге ұрып тұрды. Содан соң, халыққа қызмет көрсету орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жұмыстары да назарға алынды. Кездесуде Равиль Қуанышбайұлы жақында ашылған «Адалдық алаңының» қызметімен таныстырып, халықты ашықтыққа шақырды. Қос ауданның активімен кездесуде департамент басшысы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, аудан бойынша жүргізілген зерделеу нәтижесіне тоқталды. Жиынға келгендер көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, нақты жауаптар алды.
Дереккөз: Jambyl tv