Облыста көктемгі дала жұмыстары 10 күнге ерте басталды. Қазір Байзақ пен Жамбыл аудандарының шаруалары алғашқылардың бірі болып еңбекке кірісіп кетті. Дихандарға мемлекет тарапынан 18 мың тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлінген. Бұл нарықтағы бағамен салыстырғанда, тауар өндірушілерге 10-15 теңгеге төмендетіліп беріліп отыр. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Байзақ ауданына қарасты Дихан ауылдық округінің шаруа қожалығында 731 гектар жер телімі бар. Былтырғы жылы шаруашылыққа тиесілі 130 гектар жерге күздік бидай себілген. Ал биыл шаруалар арпа, бидай мен көкөніс дақылдарының көлемін арттырамыз деп отыр. Қазіргі таңда 30 гектар жерге пияз тұқымын сеуіп үлгерген.
Бағдат Момынов, ШҚ жетекшісі:
— Бізде 260 гектар тәлімдік жер бар, ол жерге арпа егеміз оның ішінде 90 гектарына парға қалдырамыз+поливной жерден 30 гектарға көкөніс пияз егілді, 34 гектарға енді егеміз.
Биыл шаруалар 673 мың гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын егуді жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бес жарым мың гектарға артқан. Өңірдегі шаруа қожалықтар 500 мың гектар жерді жыртып, өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол үшін 9 мың бірлік техника қарастырылған.
Ерлан Құлекеев, Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
— Қазір техникалардың көктемгі жұмыстарына дайындығы 92 пайызды құрап отыр, енді мынау массовый көктемгі жұмыс басталғанға дейін техниканың көлемін дайындығын 97 пайызға жеткізіп, +осы көктемгі дала жұмыстары атқарылатын болады.
Облыста 30 мың тонна арзандатылған минералды тыңайтқыштарды алуға 1млрд теңге бөлінді. Ал, көктемгі дала төсіндегі қызу тіршілік мамыр айында аяқталмақ.
Дереккөз: Jambyl tv