Жамбылдық құтқарушылар «Алғыс айту» күнін атап өтті

0 19

ҚР Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 Жарлығымен 1-наурыз — «Алғыс айту» күні деп бекітілді. Осы мереке қарсаңында Жамбыл облысы ТЖ департаментінде қоғамдық қайраткерлер мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысқан «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның арнайы қонақтары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ жанындағы Әулие-Ата Қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері Айгүл Қабиева және М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты, доцент Парида Мамедова бар. Сондай-ақ, жиынға облыстық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің және Жедел-құтқару жасағының жас қызметкерлері қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында бүгінде елімізде көптеген этномәдени бірлестіктердің бар екендігі, нәтижесінде, аталған мерекеде барлық этностар бір-біріне құрмет пен алғыс білдіретіндігі айтылды. Қонақтардың сөз сөйлеуі слайдтық презентациямен және тақырып бойынша бейнероликтермен сүйемелденді.

Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушылар мен дәріскерлерге атаулы мереке туралы кең ақпарат бергені үшін алғыстарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.