Таразда көп балалы аналарға “Алтын алқа” және “Күміс алқа” медальдары табыс етілді

0 27

8 – наурыз аналар мерекесі. Бұл күндері аналарымыз қандай құрметке болса да лайық. Осыған орай Тараз қаласында бірқатар  көп балалы аналарға “Алтын алқа” және “Күміс алқа” медальдары табыс етілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінде Шаһар бойынша 4344 көпбалалы отбасы бар. Оның 2504-і алтын, 1840 –ы  күміс алқа иегерлері. Мереке қарсаңында кезегін күтіп, қуанышқа кенелген тағы алтын құрсақты жеті ана алтыннан, 27 ана күмістен алқа тақты. Олардың қатарында ұстаз да, балабақша тәрбиешілері де бар. Аналардың дені 30 бен 34 жыстың арасында.

Өз кезегінде Тараз қаласының әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай  батыр аналарды мерекелерімен құттықтап, ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлестерін ерлікке балады. Мерекелік жиында ыстық ықыласқа кенеліп, құшағы гүлге толған асыл  аналар арнайы ілтипат білдірген жергілікті билік өкілдеріне өз ризашылықтарын білдірді.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.