Жамбыл облысында 1200 сауынды сиырға арналған сүт фермасы салынып жатыр

0 14

Жуалыда 1200 бас сауынды сиырға арналған жобалық құны 1 млрд теңге болатын тауарлы-сүт фермасы салынып жатыр. Бұл қаржыға құрылыс жұмыстары мен фермаға қажетті голландиялық құрал жабдықтар сатып алынады. Қазір құрылыстың 75 проценті аяқталған. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Серіктестіктегі сауынды сиырға арналған кешенде 15 адам құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін голландиялық технологияны орнату жопарланған. Егер жоба іске асса, келесі жылы шетелден 1200 бас асылтұқымды сүтті сиырлар әкелінеді.

Максим Сладков, құрылыс учаскесінің бастығы:

— Құрылыстың  жалпы аумағы 3 гектарды құрайды. Мұндағы соғылып жатқан  екі кешенде 600 бас сауынды сиырлар болады. Ал үшіншісі автоматтандырылған сүт сауу залы мен мал төлдетуге қарастырылған.

Қазір серіктестіктегі мал басының саны екі мыңға жуықтаған. Оның 800 ден астамы асыл тұқымды сиырлар. Мұнда күніне 7 тонна сүт алады. 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған серіктестік жаңа ферма іске қосылса, жұмысшылар қатарын тағы 50 адаммен толықтырамыз деп отыр.

Сәбит Нұрлыбаев, Жуалы ауданы әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

— 1200 басқа арналған сүт тауарлы ферманың жоспары 2020 жылы толықтай аяқталу жоспарлануда. Оның ішіндегі қондырғылардың барлығы голландиялық технологиямен енгізіледі, енді ол қондырғының барлығы толықтай біткен жағдайда бұл сүт тауарлы фермада 50 адамдай жұмыспен толықтай қамтамасыз етіледі.

Серіктестіктің былтырғы өндірген өнім көлемі  844 миллион теңгені құраған. Негізгі басымдық сүт пен ет бағыты болғандықтан малға қажетті жем шөпті де өздері дайындайды. Бүгінгі күні 1000 гектар алқапқа арпа бидай, 400 гектар жерге көп жылдық шөп егілген.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.