Жамбылдық оқушылар жеңіс тұғырынан көрінді

0 11

Ағымдағы жылдың 28 ақпан — 4 наурыз аралығында Астана қаласындағы «Нұр Орда» мектеп-лицейінде «Kazakhstan Robotics Challenge» робототехника байқауы өтті, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды. 

Дарындылар додасында Жамбылдық оқушылар өздерінің ойлап тапқан түрлі туындыларын таныстырды.

Айта кетейік, «KRC-2019» – Қазақстанның бүкіл облысындағы мектеп оқушыларының робототехника саласы бойынша талдамалық және дизайнерлік дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей алаң. Байқау мектеп оқушыларының робототехника саласы бойынша талдамалық және дизайнерлік дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған білгірлер бәсекесіне Жамбыл облысынан 12 оқушы қатысып (2-і Облыстық «Дарын» мектеп-интернатының, 10-ы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының оқушылары), жүзден жүйрік атанды. Облыс намысын қорғаған өрендер 2-алтын, 4-күміс, 6-қола медальдарымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.