Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласы және аудандарда бүгіннен бастап «Қазтест» сертификаттық және диагностикалық тестілеуі өтуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Дәл қазіргі уақытта Мойынқұм, Шу аудандарында «Қазтест» тестілеуі өтіп жатыр. Ал Тараз қаласындағы сертификаттық тестілеуге С1, В2 деңгейлері бойынша мемлекеттік қызметшілер және Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері тапсыруда.
Айта кетейік, тестілеуді өткізудің мақсаты — Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2019 жылы В1 деңгейінде 35%, С1 деңгейінде 10%, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі В1 деңгейінде 35%, С1 деңгейінде 9% -ға жеткізу.