Харизма мен лидерлік ережелері

0 1

Біреумен амандасар кезде орныңыздан тұрыңыз, онымен бір деңгейге келіп, өзіңізді жоғары санамайтын, қарапайым екеніңізді көрсетесіз. Қол алысқан кезде екі қолыңызды да қалтаңыздан шығарыңыз.

«Жалған атақ» синдромын жеңіңіз

1978 жылы зерттеу жүргізген Джорджия штаты университетінің ғалымдары осылай «жалған атақ» деп аталатын синдромнан адамның 70% жапа шегетінін анықтаған. Ол өзіңізге деген сенімділікті жояды, өзіңізді әшкерелеуді күтумен боласыз. Бұл харизмаға кері әсер етеді.

Жаныңызда сөйлесіп отырған адам өзін ең ақылды, ең тартымды, қызықты тұлға етіп сезінетіндей жағдай туғызыңыз.

Лебіздесушіңізді тыңдай біліңіз: үзіліс жасап, әңгімені өрбітетін сұрақтар қойыңыз

Джон Кеннеди өте жақсы тыңдаушы болғаны соншалық, сөйлесіп отырған жан өзін онымен тұтасып, бір адам болып кеткендей сезім туған. Әдетте әңгімелесуішіміз сөйлеп отырған кезде кідіріс жасау үшін оның сәл бәсеңдеп, сөзде аялдағанын күтеміз. Осындай орайлы сәтті жіберіп алмай, арасында сұрақтар қою арқылы қызығушылығыңызды танытыңыз. Ал тақырып сізге қызықсыз болса, мұны ашып айтқан дұрыс.

Үлкен жиындарға алдын ала дайындалыңыз

Марафонға барарда алдын ала жүгіріп дайындаласыз ғой. Ел алдына шығып сөйлерде де айна алдында отырып сөзіңізді саптайсыз. Сол секілді тек көпшілік орында емес, кез келген жағдайға өзіңізді дайындаңыз. Үлкен жиындар алдында өзіңізге ұнайтын әуендер тыңдаңыз. Бұл сіздің бойыңыздағы сенімділікті күшейтеді.

Отырар орныңызды ойланып табыңыз

Кейде мұның өзі тұлғалық қасиетіңізге нұқсан келтіруі мүмкін. Сөзге келіп қаламын-ау деп күдіктенген адамыңыз болса, оның жанына отыруға тырысыңыз. Қарама қарсы отырып қалмауды қадағалаңыз. Себебі арасын үстел бөліп, бір-біріне қарама-қарсы отырғандар жиі сөз таластырып, пікірі бір жерден шықұпай қалуы мүмкін.

Шынайы күлу үшін еске алатын жағымды естеліктеріңіз көп болсын

Ми шынайылық пен қиялдағы өмірдің аражігіт ажырата алмайды. Сол себепті адамдарды әдемі жымиысыңызбен баурап алғыңыз келсе, бірден жақсы кездерді еске түсіре қойыңыз. Ал өзіңізді зорлап күлгеніңіз барлығына бірден көрініп тұрады.

Сөйлесіп отырған адамыңыз сіздің ойыңыз басқа жаққа бұрылғанын аңғармайтындай етіңіз

Басыңызды изеңіз, сөйлем аяқталарда дауыс ырғағын түсіріңіз.

Адамдықты ұмытпаңыз

Көшбасшы болу үшін тек білек күші ғана керек емес. Адамдарды тұлғалық қырыңызбен билей біліңіз – Дінмұхамед Қонаев сияқты ақылды болыңыз, Қаныш Сәтбаев тәрізді қамқор болыңыз, Бауыржан Момышұлы секілді ер болыңыз. Билікке жеткен кезде харизмаңыз да арта түседі. Алайда қандай жағдай болса да, адам екеніңізді, қарапайымдылықты ұмытпау керек. Әйтпесе жап-жақсы бастықтан жан алғыш диктаторға қалайша айналып кеткеніңізді өзіңіз ұқпай қалуыңыз мүмкін.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.