Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес» күніне орай, «Туберкулезбен күресуге өз үлесіңді қосатын уақыт келді» ұранымен кең көлемді акция өтті. Аталған шараны облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық туберкулез диспансері ұйымдастырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Акция басталар алдында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 120-дан аса оқушы жылжымалы флюорографта флюорографиялық тексеруден өту мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, әрбір ниет білдіруші НЗМ-ге келген фтизиатр мамандардан кеңес ала алды.
Іс-шара барысында облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігерінің орынбасары Гүлзия Жолдасованың кіріспе сөзімен ашылды, ол балаларды «Туберкулезбен күресуге өз үлесіңді қосатын уақыт келді!» атты халықаралық қозғалыста ынтымақтастық танытуға шақырды.
— Жыл сайын 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылы бұл күн жаһандық қозғалысқа қосылуға себеп болып табылады «Туберкулезбен күресуге өз үлесіңді қосатын уақыт келді!» және онымен күресте ынтымақтастық таныту, — деді облыстық туберкулезге қарсы диспансері бас дәрігерінің орынбасары Гүлзия Жолдасова.
Өз кезегінде, 7-9 сынып оқушылары флэш-моб дайындап, іс-шараға белсенді қатысты. Акция барысында Жамбыл медициналық колледжінің студенттері театрландырылған қойылым көрсетті. Фтизиатр-дәрігерлер балаларды ауыр дерт бойынша қажетті ақпаратпен таныстырып, алдын алу дәрісін өткізді.
— Бүгінгі кездесу әрқайсымызға пайдалы болды, өйткені туберкулез туралы қажетті білімімізді толықтырдық, — деді 7 «А» сынып оқушысы Еламан Боранқұл.
Айта кетейік, бүгінде облыста аурушаңдықтың өсуі жыл сайын азаюда, 2018 жылы аурушаңдықтың 2,5% — ға, өлім-жітімнің 18,5% — ға азайғаны байқалады, сонымен қатар әлеуметтік көмек көлемі ұлғаюда.