Жамбыл облысында «Нұр Отан» партиясының «Наурыз Challenge» акциясы өз жалғасын тапты. Аталған акция аясында Жуалы ауданындағы нұротандықтар 90 отбасына 2 млн. теңгені құрайтын әлеуметтік көмек көрсетті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Астана арнасына сілтеме жасап.
Шарапаты мол шараға кәсіпкерлер де көмек көрсетіп, тұрмысы төмен отбасыларыға қайырымдылық кешін жасады. Кеш барысында аудандағы 30 бастауыш партия ұйымы өз елдімекендеріндегі аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек түрлерін таратты. Атап айтқанда, бірнеше отбасына екі жарым тонна көмір алуға мүмкіндік беретін сертификаттар сыйлады. Сондай-ақ, партия олардың дәрі-дәрмек пен коммуналдық төлемдерін жауып берген. Ал 5 отбасының балаларына ағылшын тілін тегін оқытатын сертификат пен планшеттер тапсырылды. Аудан кәсіпкерлерінің ат салысуымен аз қамтылған отбасылар азық-түлік себеттерін алды.
Айта кетейік, қайырымдылық шараларын жиі жасау керектігін Президент партияның кезекті XVIII съезінде айтқан болатын.
Анар Ахметова, «NUR OTAN» партиясы ЖО Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
— 2 млн. теңгеге жуық қаржы біздегі 90 отбасын қамтып отыр бүгінгі таңда. Бұл — әрине бүгінгі бір күндік шарамен ғана тоқталатын нәрсе емес. Бұл ары қарай да біздің барлық бастауыш партия ұйымдарында, біздің партияның фракция тарапынан, жалпы партияның түгел мүшелері, активтері арасында тұрақты түрде жалғасатынын айтқым келеді.