Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Абай Бисембаевті Тұңғыш президенттің көмекшісі қызметіне тағайындады, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары болып тағайындалсын», — делінген хабарламада.