Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ант береді

0 6

Президент міндетін атқару сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелді. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда Қазақстан халқына ант береді, — деп хабарлайды Ақорда.

19 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардың эфирінде президент ретіндегі өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеген еді.

«Қазақстан Конституциясының 42-бабының 3-тармағына сәйкес 2019 жылғы 20 наурыздан бастап президент өкілеттігін атқаруды тоқтатамын. Конституцияның 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттігі қалған мерзімге сенат төрағасына Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап көшеді», — делінген жарлық мәтінінде.

Конституцияның 42-бабы 2-тармағына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында 12:00-де ант береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.