Аса мәртебелі Елбасы!
Сіздің 2019 жылдың 19 наурызында халыққа жасаған мәлімдемеңізді естігенімізде жүрегіміз бір сілкінді.
Ұлы мәлімдемеңіз Қазақстан тарихында, қазақ елінде маңызды оқиға болып қалары анық. Қазақ халқына жасаған ерен еңбектеріңіз, тарих қойнауынан орын алып, алтын әріптермен жазылары хақ.
Сіз, қашанда халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, жастарды қолдауға, білім мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға, әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне ерекше көңіл бөліп, мыңдаған жастың шет елдердегі үздік оқу орындарында білім алуларына мүмкіндік жасадыңыз. Әрбір Жолдауыңызда, сонымен қатар бастамаларыңызда болашақ жастардың қолында екендігін жеткізіп отырдыңыз.
Бұл мәлімдеме қазақстандық тәжірибеге және еліміздің қажеттіліктеріне негізделген. Сондықтан да аталған мәлімдеме Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді басқаруды тұрақты, заманауи жүйесін құруға ықпал ететін өте маңызды қадам болып табылады.
Сіздің тәуелсіздік жылдарындағы еңбектеріңіз тереңнен тартып, келешекке алтын арқау болып тартылған ұлттық сананың ұзақ өркендеу жолы жатыр. Бүгінін бекемдеп, келешегіне бағдар көрсете білген тұлғаға құрмет көрсету тәрбиелік пен мәдениеттіліктің белгісі.
Біз Сізге, яғни Ұлт көшбасшысына Жамбыл облысы ардагерлері атынан алғыс білдіреміз. Біз Сізбен әрқашан біргеміз.
Жамбыл облысы ардагерлері атынан Солтыбаев Еркінбек Бейсенбекұлы