Үйден хош иіс шығу үшін…

0 9

Үйден балғындық лебінің иісі шығып тұрса, керемет емес пе?! Бірақ кейде үй қабырғалары тамақтың немесе түтіннің иісін сіңіріп алады. Сондай жағымсыз иістерден арылуға көмектесетін бірнеше әдіс бар.

1-әдіс. Дәріханадан эвкалипт жапырақтарын сатып алыңыз. Оны бір ыдысқа салып, оған 1 қасық сірке суын құйып, бетін жауып қойыңыз. Қажет болған жағдайда осы қоспаның бірнеше қасығын ысытуға болады. Сол кезде оның хош иісі бүкіл бөлмені алып кетеді.

2-әдіс. Қазір косметикалық дүкендерде және дәріханаларда сатылатын көптеген эфир майлары сатылады. Өзіңізге иісі ұнайтын эфир майын таңдап, оның бірнеше тамшысын зығыр (лен) матаға тамызыңыз. Матаны бөлменің әржеріне қойыңыз.

3-әдіс. Егер үйде біреу темекі тартса, түтіннің иісінен арылу үшін 1 ас қасық тұз бен 1 ас қасық лаванданы араластырыңыз. Бұл екі ингредиентті бір ыдысқа араластырып, түтін иісі кеткенше бөлмеге қалдырыңыз.

4-әдіс. Шкафтан жағымды иіс шығып тұру үшін оған біткен иіссу немесе әтір ыдысын салып қойыңыз. Егер шкафтан ылғалдылықтың иісі (көктеген секілді) шықса, оған кофенің бірнеше түйіршегін немесе бірнеше қалампыр салып қойыңыз. Сонымен қатар, лавандасы бар кішкене қаптар алып, шкафқа және бөлмелерге іліп қоюға болады.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.