Жамбылдық полицейлер Наурыз мейрамын ерекше ықыласпен атап өтті

0 6

Өз бойына адамгершілік, достық пен төзімділік сынды құндылықтарды сіңірген  Наурыз мейрамын  жамбылдық полицейлер  ерекше ықыласпен атап өтті. Осы орайда, мәдени, қоғамдық, спорттық және қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің қызметкерлері мерекелік іс-шараларға бір апта қалғанда бұл айшықты мерекені атап өтуді  бастаған болатын. Бөлім мамандары түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен театрландырылған көрініс дайындады. Көрермендер қазақ, орыс, әзірбайжан, украин, өзбек, кәріс секілді көп жылдық достық байланыстыратын бір ауыл тұрғындарын көрнекі түрде  көрсете білген әріптестеріне қол соғып, бірге шырқады.

Мерекелік іс-шаралар спорттық жарыстармен жалғасты. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 20 наурызында «Динамо» спорт кешенінде қазақ күресінен «Полиция Барысы-2019» облыстық турнирінің ашылуы өтті. Бес салмақ дәрежесі бойынша 60-тан астам  қатысушы сынға түсті Ал абсолюттік санаттағы жеңімпаз дәстүр бойынша «Түйе палуан» атағын және Жамбыл облысының «Полиция Барысы» құрмет белдігіне  ие болды.

Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев барлық қатысушыларды Наурыз мейрамымен құттықтап, қатысушыларға адал және ымырасыз күресте табыс  тіледі. Шақырылғандар арасында КСРО және Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР қазақ күресінен бұрынғы мемлекеттік бас жаттықтырушы Марат Жахит болды. Ардагердің ұлттық спорт түрін дамытуға сіңірген еңбегін ескере отырып, ПД бастығы Марат Нұрмағанбетұлы иығына  ұлттық нақыштағы шапан жапты.

Содан кейін күннің басты оқиғаларының бірі – Полиция департаменті ғимаратының жанындағы саябақта жас қызметкерлер аллеясын салу болды. Бұл акция Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау бастамасына байланысты. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасының артуы» атты Жолдауында атты Жолдауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығы болуы тиіс. Жастардың барлық санаттарын қолдау шараларының толық кешенін қамтитын әлеуметтік лифтілердің кең платформасын құру қажет…»,-деген болатын.

Қазіргі уақытта Полиция департаментінде 205 жас қызметкер қызмет атқаруда, олардың  маман болып қалыптасуына ведомство басшылығы  тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Бұл ретте әңгіме тек кәсіби өсу туралы ғана емес, сонымен қатар жоғары моральдық-адамгершілік  қағидаларды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті нығайту маңызды болып  отыр.

Орталықта бір жылға дейін жұмыс істеген жас қызметкерлер, ҚР ІІМ ведомстволық оқу орындарының түлектері әр түрлі іс — шаралар жиі өткізуге белсене қатысады. Оған қоса, жаңа аллея салуға Тараз қаласы  орта мектептерінің кадет сыныптарының оқушылары қатысты.

— Биылғы жылы біздің Департамент республикада бірінші болып ішкі істер органдарының жас қызметкерлері аллеясын салды. Осы ағаштармен бірге сіздер  де өсіп,  бой түзейсіздер, — деп атап өтті Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев. — Ең бастысы — қызметті лайықты және адал атқару, біз бүкіл қоғам мүддесіне жұмыс істейтінімізді естен шығармауымыз керек, — деп  түйіндеді  сөзін  Арман Молдиярұлы.

Жас қызметкерлердің атынан Тараз қаласы Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Арайлым Нұржауова сөз сөйлеп, аға ұрпаққа, атап айтқанда, тәлімгерлерге, қызметтің бастапқы кезеңдерінде қамқорлық пен көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, ол қазақстандық полиция атағына ие болу үшін   жоғары деңгейде  өзінің кәсіби міндетін атқаратынына уәде берді.

Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін Департамент бастығы Арман Оразалиев жас мамандар және Полиция академиясының оқушыларымен бірге алғашқы ағаштарды  отырғызды.  Басқалар да осы үрдісті жалғастырды. Осылайша, біздің көз алдымызда болашақта өз жалғасын табатын жаңа дәстүр  пайда болды.

Әрине, осы мереке күні полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлері өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды  қолдау орталығының қамқорлығындағы кішкентай сәбилерді назардан тыс қалдыра алмады (К.Сарымолдаев атындағы балалар үйі). 12 жасар Руслана Яровая  Арман Оразалиевті  орталық аумағындағы  ең қызықты жағдайлармен таныстырып, жол көрсетуші қызметін атқаруға тырысты. Балалар таза ауада түрлі спорттық ойындар ұйымдастырды: күресіп, жүгірді, асық ойнады, ал арқан тартылғанға дейін жеткенде, тіпті погон таққан  ағалар да шыдамады. Көңілді, шулы және қызықты  сәттер көп болды.  Бұдан кейін қонақтар балалармен бірге  мамыргүлдің өскіндерін отырғызып, орталықтың тәрбиеленушілері дайындаған концертті тамашалады.

Өз кезегінде Полиция департаментінің қызметкерлері  әртүрлі жемістер, сусындар мен тәттілер, дәмді тағамдар  қойылған  мерекелік  дастархан ұйымдастырды. Әрине, бұл Наурыз мейрамы балалардың есінде ұзақ сақталып,  болашақта олардың кейбіреуі өз тағдырын ішкі істер органдарындағы қызметпен міндетті түрде байланыстыратын болады. Ал полиция қызметкерлері оларға міндетті түрде көмек көрсетеді, өйткені лайықты  буынды тәрбиелеу- құқық қорғау органдары мен ардагерлер қозғалысының басты міндеттерінің бірі.

Полиция департаменті басқармаларының басшылары да өз тарапынан игілікті шарадан шет қалмады,  көмекке мұқтаж, аз қамтылған  бұрынғы  және қызмет атқарып жүрген әріптестерінің отбасыларына ақшалай қаражат, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен көмектесті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.