Жамбыл облысында автобус жүргізушілерге қатысты 1500-ге жуық хаттама толтырылды

0 6

Жамбыл облысында биылғы жылдың үш айында автобус жүргізушілеріне қатысты 1500-ге жуық хаттама толтырылған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің қатысуымен 3 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 14 адам жарақаттанып, 1 адам қаза тапқан. Тәртіп сақшыларының айтуынша, автобус жүргізушілерінің басым бөлігі жылдамдықты шамадан тыс асырады. Ол аздай, көлікті басқарып келе жатып, ұялы телефонмен сөйлеседі. Жүгенсіз кеткен жүргізушілерді жөнге салу үшін облыстық полиция департаменті наурыз мерекесі күндері арнайы тексеріс шарасын жүргізді. Нәтижесінде 211 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, алты көлік айып тұрағына тоғытылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.