Таразда 90-ға жуық маман техникалық реттеу саласы бойынша білімін жетілдірді

0 16

Таразда техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласында қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынша семинар өтті. Іс-шараға аталған саланың сарапшылары, дәріс берушілер мен мамандар қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиында  Еуразиялық экономикалық одақ және еліміздегі техникалық реттеу негіздерінің ерекшеліктері, сондай-ақ стандарттау метрология, аккредиттеу саласындағы жаңа бағыттар қарастырылды.

Сонымен қатар, одақтың шартты-құқықтық базасының негізгі ережелері айтылды. Мамандардың біліктілігін арттыруға арналған семинар 3 күндік оқыту бойынша өтеді. Оқыту семинарына  аймақтың химия өнеркәсібі және минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша жетекші мамандар, мемлекеттік органдардан барлығы 90-ға жуық қатысушы ниет білдіріпті.

Іс-шараның  негізгі мақсаты —  халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру және арттыру дейді,- ұйымдастырушылар.

 

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.