Өңірде әкімдер білімін жетілдіріп жүр

0 8

ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облыстық филиалы үстіміздегі жылдың 26-30 шы наурыз күндері «Өңірлік дамуды трансформациялау» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізуде. 40-сағаттық семинар қала мен ауданы әкімдеріне арналған. Бұл туралы «Zhambylnews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

«Қуатты аймақ- 2025» стратегиялық жоспарына сәйкес өңірлерді басқару дербестігінің жаңа механизмдерін қалыптастыру керек. Семинарда аудан және қала басшыларына осы бағытта қалай жұмыс істеу керектігі түсіндірілді. Біліктілікті арттыру курсының да негізгі мақсаты кәсіби дағдыларды дамытып, трансформациялық ойлаудың мәдениетін қалыптастыру.

Семинар барысында аудан әкімдеріне Нұр-Сұлтан қаласынан келген кәсіби лекторлар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық филиалының басшысы «Мемлекеттік басқарудың механизмдері» тақырыбында дәріс оқитын болады.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.