Облыста «Жанұялық сот» пилоттық жобасының шеңберінде «Бастау» жұмыс тобы құрылды

0 11

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні Жамбыл облысы әкімінің №48-ө өкімімен, Жамбыл облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жанынан ҚР Жоғарғы Сотының «Жанұялық сот» пилоттық жобасының шеңберінде ведомство аралық өзара әрекеттестік туралы меморандумының аясында отбасы мәселелері бойынша «Бастау» жұмыс тобы құрылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Жанұялық сот» пилоттық жобасының шеңберінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық сот судьясы Гүлнар Асылбек, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық комиссия хатшысының міндетін атқарушы Бахыт Жақсылықова, облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Қуанышбек Қалжановтың  қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Жұмыс тобына әлеуметтік сала басшылары, отбасы мәселелерімен айналысатын құрылымдар өкілдері, мемлекеттік емес ұйымдар мен полиция қызметкерлері енгізіледі, Жұмыс тобының отырыстарына бақылаушы (үйлестіруші) ретінде Жамбыл облыстық сотының және аудандық (қалалық) соттар судьялары дауыс беру құқығын иеленбей қатыса алады.

Сондай-ақ, спикерлер жұмысшы топ отырыстарына тәуелсіз сарапшылар мен кеңесшілер шақырылатын айтты.

Баспасөз конференциясы барысында Бахыт Жақсылықова жұмысшы топтың негізгі мақсаттарына тоқталды.

— Дауды шешудің сотқа дейінгі сатысында және сот ұйғарымының негізінде талап арыздардың сотта қаралуы кезінде жанұяны сақтап қалу, жанұялық ішкі жағдайды сауықтыру мақсатында жанұяға, балаға адрестік ресурстық көмек көрсету, міндетті тәрбие беру бағдарламаларын жасау; жұбайларды татуластыру мақсатында психологиялық алғашқы ақысыз көмек көрсетуді ұйымдастыру, жанұялық құндылықтарды насихаттауды ұйымдастыру; ата-аналық (қамқоршылық/қорғаншылық) міндеттерін тиісінше орындау мәселелері бойынша әрі кәмелетке толмағандар мінез-құлқын реттеу мәселелері бойынша жанұялармен профилактикалық жұмыстар жүргізу, соттар ұйғарымдарын орындау мақсатында жанұяны зерделеудің әлеуметтік-психологиялық қорытындыларын жасау, жанұямен байланысты істерді қарау кезінде қажетті мамандардың қатысуын қамтамасыз ету, — деді Ол.

Отбасын бұзудағы ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды зерттеу мақсатында, жұмысшы топ отырыстарда қаралған барлық iстердi есепке алуды және сақтауды ұйымдастырады, өзiнің аумағының шегінде осы есепке алудың деректерiн қорытындылайды.

Бұл республика бойынша тың бастама. Бүгінгі күні, отбасындағы көптеген мәселелер ажырасуға әкеледі, сол мерзімде тегін кеңес беріп, отбасының бұзылуының алдын алу шараларын жүргізу қажет.

Бұл жұмыс тобының қызметі насихатталып отыруы қажет, өйткені ол облыста отбасында мәселе туындаған әр адамға көмек қолын созатын бірден-бір алқалы орган болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.