Жамбыл облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 75 отбасы пәтер алды

0 3

Жамбыл облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 75 отбасы пәтер алды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының директоры Евгений Шарыгин, «ForteBank» АҚ Тараз қаласындағы филиалының директоры  Гүлзат Бекназарованың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлер «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бағдарламасы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері 2019 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша Жамбыл облысының серіктес банктері 1,19 млрд. теңге сомасына 149 өтінім қабылдады. Олардың ішінде 611,4 млн. теңге шамасына75 өтінім мақұлданды және 536,5 млн. теңге сомасына 64 кредит берілді. Оның ішінде: 13 қарыз білім саласында жұмыс жасайтын, 3-әскери қызметкерге, 2-мемлекеттік орган қызметкеріне, 8-медицина қызметкеріне, 2-спортшыға, 1-ауыл шаруашылығы саласының қызметкеріне, 1-пошта қызметінің қызметкеріне, 7-екінші деңгейдегі банк қызметкеріне, 12-жеке ұйымдарда жұмыс жасайтын қызметкерге, 1-жеке кәсіпкерге, 13-құқық қорғау органының қызметкеріне және 1 қарыз Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкеріне берілді деген ақпарат бар.

Тараз қаласында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ғимаратының 1 қабатында «7-20-25» бағдарламасы бойынша ақпараттық орталық ашылғаны жәнебұл жерде серіктесбанктерден бағдарлама шеңберінде тұрғын үй алу бойынша кеңес алуға болатыны белгілі. Сонымен қатар, аталған орталықта «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Арай ықшам ауданында және «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 ықшам ауданда тұрғызылған үйлерді өткізуді ұсынатын Жамбыл облысы Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдері бар.

Ақпараттық орталықтың қызметінен бөлек Ұлттық Банктің Жамбыл филиалы облыс әкімдігімен және Бағдарламаның серіктес банктерінің филиалдарымен бірге облыстың еңбек ұжымдары мен ұйымдарына барып түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Атап айтқанда, 2018 жылдың тек жарты жылында 43 кездесу және ұйымдарға бару жүзеге асырылды.

Жалпы, бағдарлама шеңберінде сатып алуға болатын бастапқы тұрғын үй нысанына қатысты айтарымыз, қазіргі таңда Бағдарлама бойынша бастапқы тұрғын үйді:

— бұрын айтылғандай «Арай» алқабындағы – «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғызылған 100 пәтер, екінші деңгейдегі банктер«7-20-25» Бағдарламасы шеңберінде сатуы үшін,2018 жылғы қараша айында олар «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ЖОФ-дан жергілікті атқарушы органдарға(бұдан әрі — ЖАО) берілді. Бүгінгі күнге олардың 18 пәтері екінші деңгейдегі банктерде кредиттелді;

— 15 ықшам ауданындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғызылған 287пәтер, олардыда ағымдағы жылдың ақпан айының ортасындаекінші деңгейдегі банктер «7-20-25» Бағдарламасы шеңберінде сатуы үшін, олар «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ЖОФ-дан ЖАО-ғаберілді (2018 жылы барлығы 10 үй тұрғызылды – ол 800 пәтер болады, олардың 473-і«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ЖОФ арқылыкредиттелді жәнебасым бөлігі салымшылар болып табылады);

— жеке салушылардан – 74 пәтер («Бином» ЖШС, «Құрылыс ТЭД»және басқалары).

Айта кетейік, «7-20-25» Бағдарламасы халыққа 7% тарихи төмен мөлшерлеме бойынша, кредиттелетін тұрғын үй құнының 20% мөлшерінде бастапқы жарна, сондай-ақ 25 жылға дейін кредит мерзімімен ипотекалық кредит алудың теңдессіз шарттарын ұсынады. Бағдарламаға меншік құқығында баспанасы және де ипотекалық қарыздары жоқ Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Бағдарламаның қатысушысының кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірісі болуы қажет.

Бағдарлама халыққа бастапқы тұрғын үй алуына есептелген. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаның ең жоғары шегі 25 миллион теңге, ал қалған өңірлер үшін (оның ішінде Жамбыл облысы үшін) — 15 млн теңге деп белгіленді.

Сонымен бірге, бүгінгі күнге Ұлттық Банк қарызгерлерге 20%-дан жоғары алғашқы жарнаны ұсыну және банктердің-бағдарлама қатысушыларының санын кеңейту мүмкіндігін ұсынып отыр.

Жамбыл облысында бүгінгі күнге 7 банктің филиалы белсенді, олар –ЦентрКредитБанк, АТФ банк, Қазақстан Халық Банкі, Цесна банк, Еуразиялық банк, ForteBank және Жинақ банкі филиалдары.

Қазақстан Ұлттық Банкі 10 негізгі міндет айқындалған 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімге ҚР Үкіметімен бірге қол қою бойынша бастама жасады.

Міндеттердің біріэкономиканы дамытуды қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру болып табылады, аталғанды жүзеге асыру шеңберінде Үкімет және Қазақстан Ұлттық Банкі «Нұрлы жер» және «7-20-25» тұрғын үй бағдарламаларының жұмысын іске асыруды жалғастырады. Атап айтқанда, Үкімет қолжетімді тұрғын үй ұсынысын ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдайды. Ұлттық Банк өз кезегінде «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыруды жалғастырады.

Осы тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру бюджеттік, сол сияқты жеке қаржыландыру көздерін тарта отырып, халықтың түрлі топтарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.